Павлодарда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

696

Жарысты Қазақстанның триатлон федерациясы өткізеді.

Павлодарда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

Тамыз айында Павлодарда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді. Қатысамын деушілер қазірден бастап тіркелулеріне болады. Бұл туралы триатлон бойынша облыстық федерациясының вице-президенті Ержан Әуезов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Чемпионат екі күнге созылады. 24 тамызда кәсіпқой спортшылар жарыс сызығына шықса, 25-інде әуесқойлар сынға түседі.

Қатысушылар 1500 метрді жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен және 10 шақырымды жүгіріп өтуге тиіс. Жарысты Қазақстанның триатлон федерациясы өткізеді.

"Федерация басшылығының қолдауымен бұл спорт түрі елімізде дамып келеді. Қаламызда бұл үшін барлық жағдай бар: Ертіс өзені бар, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы веложол да соған лайық. Жаттығатындар әуежай маңындағы ыңғайлы жолда шынықса, жүгірушілер еліміздегі ең ұзын жағалауда жаттығады. Тамызда өтетін жарысқа қатысамын деушілер тездетуге тиіс, қазір небары 50 слот қалды", – дейді Ержан Әуезов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу