Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында 200-ден астам полицей марапатталды

1140

Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында 200-ден астам полицей марапатталды

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен салтанатты шарада 200-ден астам полицей марапатталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтауы оқылып, департамент бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев құттықтау сөзін жалғастырды.

Осы атаулы күні құқықтық тәртіпті сақтауда және қылмыспен күресте ерекшеленген өңірлік полицейлер кезектен тыс жоғары офицерлік атақтарға, медальдар мен төсбелгілеріне, минстрдің құрмет грамоталарына және алғыс хаттарына ие болды. 100 шақты полицей "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісімен марапатталды. Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу