Павлодарда тұңғыш рет ятоган синдромына ота жасалды

896

Павлодарда тұңғыш рет ятоган синдромына ота жасалды

Павлодарда биыл тұңғыш рет ятоган синдромына шалдыққан адамға ота жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Мұндай жүрек ақауы өте сирек кездеседі. Оң жақ бөлігінен өкпе тамырларының бір бөлігі немесе толығымен диафрагма деңгейіндегі көктамырды жауып тастайды. Осы тамырды сол жағына ауыстырдық. 28 жастағы тұрғында бұл аурудың асқынған түрі болды. Оның жүрегінің оң жақ бөлігі кеңейіп, жүректің соғу ырғағы бұзыған. Ота сәтті жүзеге асырылды. Қазіргі таңда науқастың денсаулығы жақсы. Мұндай операция өте сирек жасалады. Бұл өте күрделі ота. Себебі жүрек пен қан айналымы уақытша тоқтап тұрады. Жүректің шамадан тыс ұлғаюы нәтижесінде адам кенеттен ажал құшуы мүмкін. Алайда бұл ақау жойылғаннан кейін адам қалыпты өмір сүре алады", – деп  облыстық кардиологиялық орталық туа біткен жүрек ақаулары бөлімінің меңгерушісі  Тимур Райымханов мәлім етті.

Ақ желеңдінің айтуынша, жинақтаушы тамыр рентгенологиялық зерттеу барысында иіліп тұрған көлеңке тәрізді түрік қылышын (ятаган) еске түсіреді. Сондықтан да бұл синдромға "ятаган" деген атау берілген. 1993 жылға дейін әлемдік әдебиетте мұндай 150-ге жуық қана оқиға тіркелсе, Қазақстан бойынша 10 шақты адам ғана ятоган синдромына шалдыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу