Павлодарда тұратын жері жоқ студенттерге тегін жатақхана ашылды

1578

Павлодарда тұратын жері жоқ студенттерге тегін жатақхана ашылды

Павлодарда жоғары оқу орындарында білім алатын және жағымсыз әдеттерден аулақ студенттерге арналған тегін жатақхана ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің наиб имамы Хасан Аманқұловтың айтуынша, студенттер үйі Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында орналасқан. Аты-жөнін жариялаудан бас тартқан жеке кәсіпкер өз меншігіндегі екі қабатты ескі ғимаратқа жөндеу жүргізіп, орталық мешітке ешқандай төлемақысыз тегін берген. Осылайша, имамдар бұл жерге қалада тұрақты баспанасы жоқ студенттерді қабылдауды ұйғарған.
"Екі қабатты ғимаратта 16 бөлме бар. Әр бөлмеге екі баладан алатын болсақ, 32 студентті уақытша баспанамен қамтуға мүмкіндігіміз бар. Өздеріңіз білесіздер, қазір жоғары оқу орындарда оқитын студенттердің барлығы тегін жатақханамен қамтылмаған. Соның салдарынан қаншама жастар жалдамалы пәтер жағалап жүр. Біздің мақсатымыз – сондай жастарды осындай діни, рухани орындарға тартып, оларға қамқорлық көрсету. Егер мұқтаж жандарға біз көмектеспесек, оларды басқа діни ағымның өкілдері ертіп кетуі әбден мүмкін ғой. Өйткені, баспанасыз жүрген балалар кез келген адамның сөзіне иланғыш келеді. Болашақта мұнда ұстаз тағайындап, мұсылманша білім алуға ниетті жастар үшін діни дәріс ұйымдастыратын боламыз, – дейді Хасан Аманқұлов

Айта кету керек, студенттерге арналған тегін жатақхана Павлодар облысында алғаш ұйымдастырылып отыр. Студенттер мұнда 13-қарашадан бастап орналасып жатыр. Ал, келесі жылы қыз балаларға арналған дәл осындай студенттер үйі пайдалуға берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу