Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды

395

Ол бас бостандығынан айыру орнында отырған күйеуіне синтетикалық заттары бар қорапшаларды беруге тырысқан.    

Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Павлодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері есірткі тасумен айналысқан 45 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер әйелдің сыбайласымен бірге облыс орталығының аумағында синтетикалық есірткі орамаларын дайындағанын анықтады. Күдіктілер есірткі заттарын заңсыз сатқан интернет-дүкенде жұмыс істеген", – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер әйелдің 35 жастағы сыбайласын да қолға түсірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел курьер болған және есірткінің үлкен партияларын кішігірім партияларға бөліп, жасырын орындарға қойып кетіп отырған.

Тінту барысында, жалдамалы пәтерде жедел қызметкерлер 25 жиынтықты тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, жалпы салмағы 50 грамнан асатын синтетикалық есірткі, сондай-ақ электронды таразылар, орау материалдары, банк карталары және бірнеше ұялы телефондар болған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу