Павлодарда тұрмысы төмен отбасылардағы 1300-ден астам балаға көмек көрсетілді

871

Павлодарда тұрмысы төмен отбасылардағы 1300-ден астам балаға көмек көрсетілді

Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мепктептерінде 11 қаңтар – 11 ақпан аралығында республикалық "Қамқорлық" акциясы өткізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, акция басталғалы бері әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардан шыққан 444 оқушыға демеушілердің есебінен, 884 оқушыға жалпы оқыту қорынан кеңсе тауарлары, киім-кешек, аяқ киім  ретінде көмек көрсетілген. Ата-аналар, мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындар  да сауапты істен тыс қалмаған. Сондай-ақ, мектептерде киім-кешек жинақталып, қолдан жасалған бұйымдар қайырымдылық жәрменкесі, концерттер  ұйымдастырылып, осы шаралардан түскен қаражат көмек қажет ететін балаларға беріледі.

Айта кетерлігі, "Қамқорлық" акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсету үшін кәсіпорындар, мемлекеттік құрылымдар мен демеушілерді тарту жұмысы жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу