Павлодарда тұзды көл жағасында демалып жүрген ер адам өкпесі ісініп көз жұмды

251

Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

Павлодарда тұзды көл жағасында демалып жүрген ер адам өкпесі ісініп көз жұмды Фото: Павлодар облысы ТЖД

1960 жылғы азамат Маралды көлінің жағажайында тыныққан. Кенеттен жағдайы ауырлаған ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Шарбақты ауданында ер адам тұзды көл жағасында демалып жүрген кезде өкпе ісінуіне ұшырап, үшінші дәрежелі комаға түскен. Алғашқы көмекті оған жергілікті медицина қызметкерлері көрсетті. Кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, науқас қабылдау бөлімінде қайтыс болды", – деп мәлімдеді жедел жәрдем станциясынан.

Жедел жәрдем қызметкерлері өткен демалыс күндері суға шомылып жүріп, жазатайым оқиғаға тап болған тағы екі адамға көмек көрсеткен. Мәселен, Павлодар қаласында 15 жастағы қыз құтқару станциясы маңында өзенге тек аяғын шаю үшін кірген. Алайда құмға батып кетіп, тепе-теңдігін сақтай алмай суға құлаған. Абырой болғанда қыз тез арада құтқарылып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Ал Баянауылдағы Сабындыкөл көлінде 1950 жылғы ер адам шомылып жүріп суға батып кете жаздаған. Оны өзге азаматтар судан шығарып алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қазір аптап ыстықтан жұрттың көбі су жағалай бастаған. Дәрігерлер суға түскен кездегі температураның күрт өзгеруі салдарынан созылмалы аурулар асқынуы немесе кенеттен түйілу пайда болуы мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ жабдықталмаған демалыс орындары мен су айдындарының түбі үлкен қауіп төндіреді. Тұрғындар өз денсаулық жағдайын дұрыс бағалап, су жағасындағы демалысты алкогольмен ұштастырмауы, балаларды, суда қараусыз қалдырмауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу