Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

170

Айыпталушы параны құмар ойындарға жұмсаған.   

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды Фото: polisia.kz

Тергеу барысында прокурорлар сотталғандардың жазасын жеңілдету туралы оң шешім шығару және мекеме ішіне ұялы телефондарды заңсыз кіргізу үшін қызметкерге ақша берілгенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қызметкер алған қаражатты букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсап отырған.

2026 жылғы 1 сәуірде сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ әділет капитаны арнайы атағынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу