Павлодарда ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін сотталды

178

Ол металлургиялық кәсіпорын басшысынан бір миллион теңгеден астам ақша алды.

Павлодарда ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін сотталды Фото: gov.kz

Қалалық №2 сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сот залында Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша Департаментінің бөлім басшысы Т.-ға қатысты ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қарашаға дейін Т. "KSP Steel" ЖШС бас техникалық басшысынан 1 миллион 399 мың теңге сомасында пара алды, деп жазады @Pavlodarnews.kz.

Пара өнеркәсіптік қауіпсіздікті тексеру кезінде жалпы қамқорлыққа, сондай-ақ осы мемлекеттік органның талаптарын, қаулылары мен нұсқамаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін арналған.

Кінәні толық мойындаудан басқа, айыпталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен расталды.

– Сот Т.-ның кінәсін мойындауын, өкінгенін, сондай-ақ бұрын сотталмағанын ескерді. Сонымен қатар, сот кінәсін ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметшінің өзі қабылдаған антын бұзды деп таныды. Осыны ескере отырып, Т.-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді №2 қалалық соттың баспасөз орталығында.

Сондай-ақ, Т. өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Оған жазасын өтеу қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу