Павлодарда ұйымдастырылған флешмобқа мыңнан аса бала қатысты

1274

Павлодарда ұйымдастырылған флешмобқа мыңнан аса бала қатысты

Павлодарда мыңнан астам балабақша тәрбиеленушілері бір уақытта елорда күніне орай "Туған күніңмен, Астана!" атты флешмоб биледі.  Ауқымды шара Естай атындағы мәдениет сарайының алдында басталды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мұнда 200-дей бүлдіршін би биледі.

"Флешмоб әр балабақшаның спорт алаңдарында да өтіп жатыр, - деді қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі секторының бас маманы Нұрсұлтан Шәкіров. - Мәдениет сарайының алдында № 4, 17, 18, 38, 40, 51 балабақша тәрбиеленушілері би билеп, аспанға шарларын ұшырды. Мұндай шара бізде бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Денсаулық күніне орай Павлодарда "Спорт - Мен - Көктем" акциясы шеңберінде ұйымдастырылған флешмобта бір мезетте балабақшаның 1500 тәриеленушісі мен олардың ата-аналары би билеген болатын. Алдағы уақытта да ол жалғасын табады."

Шараның басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына азаматтық патриотизмді қалыптастырып, еліміздің жеткен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімдерін дамыту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу