Павлодарда "үлкен дауға айналған" Әлихан Бөкейханның бюсті орнатылды

Осы мүсін үшін шенеуніктің басы бәлеге қалған еді.  

Павлодарда "үлкен дауға айналған" Әлихан Бөкейханның бюсті орнатылды

Биыл Павлодардағы Сарыарқа шағын ауданында жаңадан салынған өңірдегі алғашқы қазақ мектеп-лицейіне ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілген болатын. Ал Республика күні қарсаңында мектеп алдына Алаш қайраткерінің мүсіні қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Шараға өңірдің зиялы қауымы, облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қатысты. Мектептің озат оқушылары өлең шумақтарынан, арнаулардан үзінді оқып, жиналған жұртшылық гүл шоқтарын қойып, біртуар тұлғаның рухына тағзым етті.

Еске сала кетейік, Әлихан Бөкейханның бюстін дайындау үшін бюджеттен 16 млн теңге бөлінген. Алайда Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы мүсін дайындауға қатысты мемлекеттік конкурсты жеңіп алған астаналық кәсіпкерден қабылдап алу актіне қол қою үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған. Сол үшін Павлодар қалалық №2 соты мемлекеттік қызметшіні үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бірақ оның 12 және 4 жасар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын ескеріліп, қамауға бес жылдан соң ғана алуды ұйғарды. Яғни осы уақыт аралығында бұрынғы шенеунік бостандықта болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу