Павлодарда "Үміт" балалар үйінің 30 түлегіне пәтер берілді

969

Олардың барлығы кезекті түрде бір бөлмелі пәтерге ие болды. 

Павлодарда "Үміт" балалар үйінің 30 түлегіне пәтер берілді Фото: Валерий Бугаев

Екібастұзда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30 балаға пәтер берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жетім және ана қамқорлығынсыз қалған балаларға пәтер кілттерін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов сыйлады.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Наталья Нефедованың айтуынша, игілікті істі атқару "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды.

"Баспаналы болғандардың барлығы қалалық "Үміт" балалар үйінің түлектері. Олардың барлығы кезекті түрде бір бөлмелі пәтерлерге ие болды. Көбісі Павлодарда пәтер жалдап, сонда жұмыс істеген. Ендігі уақытта балаларымыз Екібастұзға оралып, жұмыс істейтін болады",– дейді Наталья Нефедова.

Қала әкімінің орынбасары айтқандай, бұл іс жалғасын табады. Айталық, биыл маусымда 142 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сол пәтерлердің 20%-ы жетім және ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілмек.

Айта кетейік, биыл Екібастұзда 10 көпқабатты тұрғын үй салынады. Пәтер кезегінде 647 жетім бала тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу