Павлодарда университет бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алмақ болған

752

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады. 

Павлодарда университет бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алмақ болған Фото: freepik

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингтеу барысында қаражатты негізсіз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерге құны 31,5 млн теңге тұратын бір дана әдеби кітап сатып алуды жоспарлаған.

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.

Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу