Павлодарда ұршық иіруден фестиваль өтті

417

"Ұмытпайық, ұршықты ұлықтайық!"  

Павлодарда ұршық иіруден фестиваль өтті Фото: Әділ Рүстемов

Осындай атаумен Павлодар қаласында ұршық иіруден фестиваль өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдымен жүнді түтіп алып, ұршықты шиыра иірген шеберлердің арасында жетпістегі әжелер ғана емес бойжеткендер де бар. Көпшілігі ауылдан келген. Әжелер мен қыз-келіншектердің өнерін қала тұрғындары жақын отырып тамашалады. Тіпті, шеберлік сағатын өткізуді қолқалап сұрағандар болды. Себебі, бір кездері әр шаңырақтан табылған ұршық бүгінде жәдігерге айналып барады.

Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысының орынбасары Гүлнар Нұрахметованың сөзінше, қатысушылар бір айдан астам уақыт дайындалған.

"Байқауға 18 жастан 75 жасқа дейінгі қолөнершілер қатысуға жіберлді. Ең жас ұршықшы – 22-25 жаста, ал үлкені 75-те", - деді Гүлнар Нұрахметова.

Қолөнершілер фестивалінің негізгі мақсаты – жасөспірім қыздардың қызығушылығын оятып, ұмыт болған дәстүрді жаңғырту.

Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Тереңкөл ауданынан келген Зухра Әубәкір иеленді. Оған 100 мың теңге берілді. Екінші орынды екібастұздық қолөнерші Сара Сансызбай алды. Үшінші орын Павлодар ауданының тұрғыны Сәулет Ғибағатқа бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу