Павлодарда үш көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

1025

Павлодарда үш көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Павлодарда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында үш көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 400-дей отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жаңадан салынып жатқан "Сарыарқа" шағын ауданында Павлов көшесі, 95/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімінде облыс әкімі Болат Бақауов қоныс иелерін мерекемен құттықтады.

"Биыл өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген үйлер саны бір жарым есе артқан, - дейді аймақ басшысы. – Келесі жылы бұл көрсеткішті асыруға тырысамыз. Тәуелсіздік күніне орай тағы да пәтер кілттерін табыстаймыз. Алдағы үш жылда "Сарыарқа" шағын ауданын толық салып бітіріп, жаңа "Достық" ауданын салуды көздеп отырмыз. Ол үшін бізде жағдай да, ниет те бар".

Атқарылатын жұмыстар әлі деп көп. Аталмыш тұрғын үйді "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы аясында жеті айдың ішінде "Жәрдем" ЖШС салды. Құрылыс құны - 468 миллион 606 мың теңге.

Айта кетейік, бұл - 2017 жылы "Сарыарқа" шағын ауданында салынған төртінші үй, жыл соңына дейін тағы екі баспана қолданысқа беріледі. Бұрынғы "Аллюминстрой" шағын ауданында құрылыс мерзімі 2018 жылы аяқталады. Оған дейін сегіз жаңа тұрғын үй бой көтереді. Сонымен қатар, бұл күні Суворов көшесі, 53 және 55 мекенжайларында екі үйдің кілттері "Бәйтерек девелопмент" АҚ бағытымен салынып, жергілікті атқарушы органдардың 360 кезегін күтушілеріне табысталды. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Project City Group" ЖШС салған құрылыс құны үш миллиард 400 миллион теңгені құрады. Ал, жалдау құны бір шаршы метрі - 1110 теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу