Павлодарда үш бала уланып қалды

136

Сәби тарақандарды улау үшін пайдаланатын препараттың біраз мөлшерін жеп қойған. 

Павлодарда үш бала уланып қалды Фото: Pixabay.com

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 103 қызметкерлері бір күнде үш рет химиялық заттармен немесе медициналық препараттармен улану оқиғаларына шыққан. Барлық үш шақыру сенбі күні Павлодар қаласынан түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірінші жағдайда этанолмен уланған бір жарым жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қалған екі жағдайда 2022 жылғы ұлдар жеңіл дәрежелі дәрі-дәрмекпен уланған. Оларға алғашқы көмек көрсетілген соң ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартқан, деп жазды pavlodarnews.kz.

"Ата-аналар көбінесе кішкентай балаларының дағдыларын бағаламайды. Ал, олар тазартқыш заты бар бөтелкені өздері аша алады. Мұндай жағдайлар қайғылы аяқталуы мүмкін. Сондықтан ата-аналарға тұрмыстық химия мен дәрі-дәрмектерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау және оларды қолданудың қауіптілігі туралы еске салғым келеді", - дейді 103 станция басшысының орынбасары Ирина Мищенко.

Облыстық балалар ауруханасында 2022 жылы туған қыз (1 жас, 9 ай) 21 қыркүйек күні сағат 11.00-де соматикалық корпустың қабылдау бөлмесіне жеткізілгенін хабарлады. Анасының айтуынша, қыз кесеге құйылған 90% этил спиртін  ішіп үлгерген. Анасы дереу жедел жәрдем шақырған. Сәбиді қабылдау бөлмесінің дәрігері қарап шығып, асқазаны жуылған. Әрі қарай тексеруді лор дәрігері жүргізген. 

22 қыркүйекте сағат 17.15-те соматикалық корпустың қабылдау бөлмесіне 2023 жылғы бала (1 жыл 6 ай) жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Анасының айтуынша, сәби тарақандарды улау үшін пайдаланатын препараттың біраз мөлшерін жеп қойған. Бірден баланың асқазаны жуылып, соматикалық бөлімге жатқызылды. Екі жағдайда да балалардың жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу