20 жастағы жігіт 18 млн теңгенің вейпін пәтерінде тығып келген

Павлодарлық полицейлер электронды шылым шегуге арналған құралдарды сатудың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

20 жастағы жігіт 18 млн теңгенің вейпін пәтерінде тығып келген Фото: Павлодар облыстық ПД

Бұл жолы Екібастұз қаласының 20 жасар тұрғыны 2,5 мың құралды сатпақ болған. Бірақ тәртіп сақшылары Шешембеков көшесіндегі пәтерінен бұл көлемнің барлығын тәркілеп алды. 

"Заңсыз тауардың партиясы сатылымға шығаруға дайындалған. Барлығы 2,5 мың дана вейптің жалпы сомасы 18 млн теңгені құрайды. Күдікі оны интернет-дүкен, танымал мессенджерлердегі арналар мен әлеуметтік желілер арқылы сатып келген", – деп хабарлайды Павлодар облыстық Полиция департаменті. 

Вейптің заңсыз айналымын жүргізген деген күдікке ілінген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Өткен жылдың соңында осы Екібастұз қаласынан тағы да вейптің ірі көлемі тәркіленген болатын. Полиция қызметкерлері 55 млн теңге болатын 5,5 мыңнан астам вейп пен сұйықтық құйылған 1 мың құтыны тапқан-ды. 

Еске сала кетейік, 2024 жылдың маусым айынан бастап елімізде никотинді пайдаланудың электронды жүйесі мен оған арналған сұйықтықтардың айналымына заң жүзінде тыйым салынған.

Бұл тауарларды астыртын сатқан азаматтарды қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу