Павлодарда VII қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті

861

Павлодарда VII қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті

"Астана" мұз сарайында ҚР VII қысқы Универсиадасының ашылу салтанаты өтті. Тоғыз спорт түрінен жарысқа түсетін студенттер Павлодар мен Щучинск қалаларында бақ сынайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Биыл павлодарлық Универсиада рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Себебі, байрақты бәсекеге еліміздің 36 жоғарғы оқу орнынан 2000-ға тарта спортшы келген. Бұған дейінгі жарыстарда қатысушылар саны 900-ден артқан емес.

"Бүгін Ертіс өңірінде айтулы мереке болып жатыр. Осыншама делегацияны қарсы алу біз үшін үлкен абырой. Елбасымыз спортқа көп көңіл бөледі. Өңірімізде спорттық ғимараттар жеткілікті. Жастар үшін барлық жағдай жасалған. Шуақты мереке қарсаңында бәріңізге денсаулық пен сәттілік тілеймін", - деді аймақ басшысы Болат Бақауов.

Оңтүстік Кореяда өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, шаңғышы Анна Шевченко атап өткендей, ол туған қаласындағы ірі жарысқа алғаш рет қатысуда.

"Біз бүгін бірінші жарыс жолын жүріп өттік, күн өте суық, - дейді ХХVIIІ қысқы Универсиаданың рекордын орнатқан спортшы. – Мұндай ауа райына бой үйретіп үлгермедік. Павлодар аязымен қарсы алды. Ертең жылынады деген үміттемін. Павлодарда мен алғаш рет ірі сайысқа қатысып отырмын. Олимпиададан келе сала уақыт тапқаныма қуаныштымын. Осы сәтті пайдаланып, оқу ордамның намысын қолдан бермеуге тырысамын".

Айта кетейік, Анна Шевченко Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу