Желіде анықталған зақымдар 10 маусымға дейін жойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Instagram-да өткізген түнгі тікелей эфирі кезінде мәлімдеді.
- Жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жалғасуда. Барлық анықталған зақымдар 10 маусымға дейін жойылады. Бұл соңғы мерзім, - деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ Павлодарда 1500-ге жуық көппәтерлі тұрғын үй бар екенін, оның 1450-і 5 маусымға дейін ыстық суға қосылатынын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу