Павлодарда заңсыз құрылыс толастамай тұр

499

Сарапшылардың айтуынша, қала құрылысы заңына өзгеріс енгізбей нүктелі құрылыстарға тыйым жоқ.

Павлодарда заңсыз құрылыс толастамай тұр Фото: inbusiness.kz

Павлодар қаласында соңғы кездері заңсыз салынып жатқан құрылыстар көбейді. Олар негізінен көп пәтерлі элиталық үйлер. Әуелде нысанның мақсаты мүлде басқа болады. Кейін құрылыс жұмыстары басталған соң жұрт оның көпқабатты тұрғын үйге айналғанын көреді. Ал, биліктегілер бұған көз жұма қарап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы Луговая көшесінде бой көтеріп жатқан құрылыстың жер телімі әуелде қойма салу үшін берілген. Бұрынғы иесінен сатып алған жаңа қожайын көппәтерлі элиталық үй салып жатыр. Өткен жылдың басында сол кездегі қала әкімінің қаулысымен мақсатын өзгертіп, алты қабатты тұрғын үйге айналдырған. Әйтсе де, бес қабаттан жоғары ғимарат тұрғызу үшін мемлекеттік сараптама қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу