Павлодарда заңсыз майнинг фермасы анықталды

957

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Павлодарда заңсыз майнинг фермасы анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі тексеру жұмыстары барысында Павлодар облысының аумағында еш рұқсатсыз майнингпен айналысатын кәсіпорын барын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, Екібастұз қаласындағы №1 МАЭС аумағында орналасқан майнингтік дата-орталықтардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін электр энергиясын заңсыз тұтыну мен сату ісі ұйымдастырылып келген. Бұл ретте электр энергиясы жекеменшік компания атынан екі кәсіпорынға тұрақты түрде таратылған. Ал сол энергиямен қамтамасыз еткен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте "Рұқсаттар мен ескертулер" туралы Заңға сәйкес рәсімделген ешқандай лицензия болмай шықты. Ол электр энергиясын өндіретін №1 МАЭС-тен өндірістік қажеттілік үшін қуат алып отырған.

Алдын ала жасалған қорытынды актке сәйкес, заңсыз әрекеттен түскен табыс көлемі 805 млн теңгеге бағаланып отыр. Қаржы мониторингі агенттігі тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу