Павлодарда заңсыз пайдаланылған 380 мың га жер телімі анықталды

958

Павлодарда заңсыз пайдаланылған 380 мың га жер телімі анықталды

Павлодарда заңсыз пайдаланылған 380 мың га жер телімі анықталды, деп хабарлайды egemen.kz.

Облыстық прокуратураның  хабарлауынша, арнайы тексерістерден кейін мемлекетке 123 мың га жер қайтарылып, 36 мың га жер қайта айналымға түскен.

Өңірдегі жер аумақтарын ауыл шаруашылығына қажетті егістік, шабындық, жайылымдар алып жатыр. Успен ауданында мемлекет меншігіне "Дильназ" шаруа қожалығының 358 га егістік жері (пайдаланылмаған жер) қайтарылды, байқау қорытындысы бойынша ол жер "Мансұр" фермерлік қожалығына берілді. Өткен жылы Успен ауданында "Двин" қожалығына (бұл ШҚ иесі басқа елдің азаматы) заңсыз берілген 900 га егістік прокуратураның жүргізген жұмысының арқасында мемлекетке қайтарылды, ал ағымдағы жылдың мамыр айында бұл жер ашық конкурс нәтижесі бойынша басқа пайдаланушыға берілді. "Белоцерковский" ЖШС-на бекітілген бір жарым мың га егістік және 1,8 мың га басқа да ауыл шаруашылық жерлері ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған. Енді бұл құнарлы жерлерді "БИК" шаруа қожалығы басқарып отыр.

Облыстық жер қатынастары басқармасы жауапсыз жер пайдаланушыларға қолданылатын тиімді шаралардың бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге салықты көбейту керек деп отыр. Мысалы, тексерістерден кейін 54 жер пайдаланушы жалпы сомасы 4,4 миллион теңге салық төлеген. Нәтижесінде кейбір жер иелері 21 мың га бос жатқан жерден өз еркімен бас тартты. Прокуратураның ұсынысы бойынша қазір өңірде  Жерді қашықтан барлап қараудың ғарыштық жүйесі пайдаланыла бастады. Мұндай қызметті "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ ұсынып отыр.

Жергілікті билік орындары жерлерді, инженерлік желілерді, су қорғау аймақтарын түгендеу және қала құрылысы құжаттамаларын салыстыру үшін облыс орталығы аумағын суретке түсіруге 16,5 миллион теңге бөлмекші. Екібастұз қалалық әкімдігі жерді түгендеу және жер телімдерін өздігінен басып алу жағдайларын анықтау мақсатында жаңа заман технологияларын пайдалануда. Осындай жұмыстардың  нәтижесінде  бюджетке жер пайдаланушылардан 1,14 млрд теңге түсіпті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу