Павлодарда еріктілер жоғалған зейнеткерді шұғыл түрде іздеугпе шыққан. Әйел адамның есте сақтау қабілеті төмендеп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Бір жыл бұрын әжей үйден кетіп қалған болатын, ол кезде Успен тасжолынан табылған болатын. Қазір адамдардан аулақтап жүретіндіктен табу қиынға соғып жатыр", дейді Vita еріктілері.
Іздеу жүйесінде Равнополь ауылына жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарынан көмек сұрайды.
"Зейнеткер үсіп қалуы мүмкін. Бәлкім, ол сіздің ауылыңызда, сізге жақын жерде болуы мүмкін немесе оны біреу аяп, паналатқан шығар", дейді еріктілер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу