Павлодарда жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімі хабарлғандай, 2017 жылдың 27-мамырында түлектер таңдап алуға болатын 10 тақырыптың ішінен (5 әдеби, 5 еркін тақырыптар) бір тақырыпқа туған тілде эссе жазды.
- Бұдан кейін түлектер төрт емтихан (9 маусымға дейін) тапсырады: орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу, қазақ тілінде оқытылатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу, таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика), Қазақстан тарихы бойынша емтихан (ауызша), алгебра және талдама бастамалары бойынша емтихан (жазбаша). Қаланың 37 жалпы орта мектептерінен түлектер саны 1039 оқушыны құрайды. Соның ішінде 315 оқушы мемлекеттік тілде оқытылады, - деді білім бөлімінде.
Айта кетейік, ұлттық біріңғай тестілеудің жаңа форматына дайындық жұмыстары жалғасуда. Павлодар қаласының білім беру бөлімімен қаланың жалпы орта мектептері түлектеріне 2017 жылдың 22 - 23 мамырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ҰБТ өткізу пунктінде орталықтандырылған сынамалы тестілеу ұйымдастырылды. Тестілеуге ҰБТ тапсыруды жоспарлап отырған 705 (68%) қала мектептерінің түлектері қатысты, соның ішінде мемлекеттік тілде оқытылатындар саны - 282 оқушы. Бүгінгі күні мектептер ұлттық біріңғай сынақтың сынамалы, электрондық тестілерімен қамтамасыз етілген. Дайындық барысында ұлттық тестілеу орталығының сайытындағы онлайн-тестілеу материалдарын қолданылады.