Павлодар қаласының орталық өндірістік аймағында "Inter Rubber Recycling" ЖШС кәсіпорнында резеңке қалдықтарын, жарақаттан қорғайтын жабындылар және резеңке бұйымдарын шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz
Кәсіпорынның аталмыш өнімі полимерлі резеңке гидрооқшаулағыш материалдары әртүрлі бағыттардағы битумды мастика өндірісінде, автокөлік жолдары құрылысындағы асфальт қоспалары, серпінді жабындылар және қайта өңдеуден алынған резеңке бұйымдары өндірісінде сұранысқа ие. Бұдан басқа, суықтай сығымдау желісі жұмыс істейді. Жарақаттан қорғайтын жабынды өндірісінің цехы ыңғайлы әрі қауіпсіз өмір аймағын құру үшін заманауи құрылыс материалдарынан жасалған.
Аталмыш материал спорттық және жаттығу залдарын, балалар ойын алаңын, кіре берістерді сырғанауға қарсы жабындылармен (кіреберіс, баспалдақ, пандус), бақша жолдары мен үй аумақтарын, жануарлар мен үй жайларды, автокөлік тұрақтары мен гараждарды жабдықтағанда қолдануға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1000 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңа өндіріс орны 30 млн теңгеден аса қаражатты құраған жеке инвестициялар есебінен іске қосылды. Кәсіпорында жаңа 40 жұмыс орны ашылды.
Аталмыш өндіріс орны - Павлодар қаласында 2017 жылы жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалардың тоғызыншысы. Бұған дейін ағымдағы жылы жалпы инвестиция көлемі шамамен 2,5 млрд. теңгені құраған әртүрлі бағыттағы сегіз жаңа кәсіпорын іске қосылған болатын.
Жылдың аяғына дейін жалпы инвестиция көлемі 20,0 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын тоғыз жаңа бизнес нысаны қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Мұндай жобалар қаламыздың одан әрі экономикалық дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.