Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтіріп алған әйелге сот үкімі шықты

521

Сот 11 мамыр күні болды.

Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтіріп алған әйелге сот үкімі шықты Фото: SN.kz

Павлодарда жаңа туған нәрестесін тыныштандырмақ болып, жерге жатқызып, бірнеше рет ұрып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылғы 28 қазанда әйел үйінде жаңа туған баласын тыныштандырмақ болып, оны еденге лақтырып жіберген, содан кейін ашулы күйде жұдырығымен оның маңдайы мен басының артқы тұсынан әдейі екі рет ұрған. Бала қатты соққыдан жабық бас ми жарақатын алған. Алған дене жарақаты салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды", – делінген хабарламада.

Әйел кінәсін мойындамай, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу