Павлодарда Жаңа жыл түні сағат 01-ден 2018 жылы 1-қаңтар сағат таңғы төртке дейін тұрғындарды орталық алаңға жеткізу мақсатында автобустар мен төрт трамвай жүреді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияладыдеп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Қоғамдық көліктер Кутузов көшесі бойымен, Ворушин саябағына, қалалық мәдениет және демалыс саябағына және "Жағалау", "Усолка", "Дачный", "Сапаржай" бойынша жүреді, - дейді Салтанат Әкімбекова. – Екі автобустан (қарсы бағытта) № 1Э, 21, 22, 27 қалалық автобустар 30-45 минут аралықта және №№ 1, 5, 7, 11 бағытында төрт трамвай қатынайды".
Жолақы құны – 80 теңге (жеңілдіксіз). 7-15 жар аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге – 40 теңге.