Биыл облыс орталығын жарық шамдарымен әсемдеуге 82,8 млн теңге қарастырылған болатын. Бұл қаражаттың бір бөлігі жаңа жылдық әрлеуге бағытталады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Мердігер компания - "Led Impress Distribution" ЖШС ғимараттар мен басқа да нысандарға иллюминация қоюмен айналысады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл компанияға берілген 82,8 млн теңгенің 24 млн теңгесі жаңа жылдық әрлеуге жұмсалады.
"Бұл қаражатқа 575 элемент орнату жоспарда бар. Оның ішіне қала көшелеріндегі жарық динамикалық композициялар, субұрқақтар, скверлер мен саябақтарды, Орталық жағалауды әсемдеу кіреді. Одан бөлек, үш шыршаны қоюға 12 млн 271 мың теңге бөлінді", - деп хабарлады қалалық әкімдік.
Бұл ретте элементтердің барлығы өткен жылдан қалғанына баса назар аударды.