"ҚазАвтоЖол" АҚ хабарлағандай, жаңа автокөлік көпірінің жобасына 71,6 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа көпір төрт жолақты, жалпы ұзындығы 691 метр болады. Заманға сай технологиялар қолданылып жатқан құрылысты мамандар 2027 жылға дейін тапсыратындарын мәлімдеді.
"Жаңа көпір ашылған соң қазіргі ескі автокөпірді бұзу жоспарланып қойған. Аталған ескі құрылыстың салынғанына 60 жылдан асып кетті. Сондықтан оны әрі қарай пайдалану, тіпті жаяу жүргіншілер көпірі етіп қалдыру да қауіпті. Оны бұзу, қалдықтарын тасымалдау жұмыстарын мердігер компания шамамен 14 ай жүргізеді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Алмат Шойынбаев.