Павлодарда жанұясының шырқын кетірген азамат полицияны жаралады

262

Полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді.

Павлодарда жанұясының шырқын кетірген азамат полицияны жаралады Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Павлодарда мас ер адам үйінде шу шығарып, қызы мен әйеліне қол көтерген. Артынша отағасы көмекке келген полиция қызметкерлеріне пышақ ала жүгіріп, бірінің қолын жарақаттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияға 15 жастағы қыз бала хабарласып көмек сұраған. Полиция капитаны Алмаз Жақыпов пен полиция лейтенанты Төлеген Исин аталған мекенжайға дереу жеткен.

Белгілі болғандай қыз бала полиция келгенше үйдің сыртында тұрған.

– Қыз бала әкесі өзін ұрып-соққанын, одан соң пәтерде анасын жәбірлеп жатқанын жеткізген. Полицейлер кірген кезде мас күйде болған 40 жастағы ер адам қарсылық көрсетіп, полиция капитаны Алмаз Жақыповтың сол қолының буынына пышақ салған. Полицей жарақат алғанына қарамастан отағасын залалсыздандырып, ұстады, – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 Ал мас азаматқа полицейлерге шабуыл жасау дерегі бойынша Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) және 109-1-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу