Павлодарда кәріз құдығын тазалап жатқан 22 жастағы жұмысшы нәжіс суына тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды astanatv.kz.
Полицейлердің айтуынша, кәріз жүйесін тазалау кезінде, құбыр жарылып, қатты қысыммен келген ағын су құдықтағы жұмысшыны ағызып әкеткен. Ол лас суға тұншығып, қайтыс болды.
Мамандар жөндеу жұмыстары кезінде құбырдың бір басын тығындап, келесі басынан су шығару керек болғандығын айтады. Алайда, қатты қысымнан тығын ашылып кеткен.
"Аталған факті бойынша Орталық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сараптама жұмыстарынан кейін барлығын анықтайтын боламыз",– дейді қалалық орталық полиция бөлімінің аға тергеушісі Данара Әлжанова.