Павлодарда жас жігіт суға батып кетті

164

Ол өзеннің тыйым салынған жерінде суға түскен. 

Павлодарда жас жігіт суға батып кетті Фото: бейнеден скриншот

Усолка өзенінде шомылып жүрген жас жігіт тілсіз жаудың құрбаны болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар қаласында 19 жастағы жігіт өзенге шомылып жүріп, суға батып кетті.

"Оқиға Усолка өзеніндегі көпір маңында болған. 2004 жылы туған азамат арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Жігіттің мүрдесін өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері өзеннен алып шықты" деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу