Жасанды интеллект алименттен қашып жүрген азаматты тауып берді

535

Ақылды жүйе ер адамның көлікпен жүруіне де тыйым салынғанын анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасанды интеллект алименттен қашып жүрген азаматты тауып берді Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қорғау" ақылды жүйесі тыйым салынған көліктерді анықтап, белгі береді. Жүйе орнатылған полиция көлігі көшені патрульдеу кезінде ВАЗ-21150 автомашинасын тізгіндеп жүрген заң бұзушыны анықтады. Көлік құралының иесі 2 млн теңгеге жуық алимент қарызын төлемей келген. Ал көліктің жүруіне тыйым салынған. Сот шешімінен жалтарып жүрген азамат тоқтатылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ер адам борышын толық өтегенше сонда тұрады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен. 

Жасанды интеллекті жыл басынан Павлодар қаласы бойынша осындай 17 көлікті анықтаған. Олардың иелері жалпы сомасы 10 млн теңге қарыз екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу