Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

208

1 мамырда Руслана Ткаченко Радио зауыттағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті Фото: Instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

@Pavlodarnews.kz жазуынша, "VITA" іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеуде. 

1 мамырда Руслана Ткаченко Радио зауыттағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Іздеу жасағының мәліметінше, туыстары мектеп оқушысының жоғалып кеткенін бірден жариялап, іздеуге негіз болған.

Руслананың бойы – 156 сантиметр, арықша келген, шашы ақсары түсті. Қызыл капюшоны бар жемпір, ашық көк түсті леггинс және қара аяқ киім киген.

Еріктілер жоғалған жасөспірім туралы ақпарат болса, келесі нөмірлерге қоңырау шалуды сұрайды: +7 747 615 5563 немесе +7 777 334 8201.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу