Павлодарда жасөспірімнің басына мұз сүңгі құлады

2218

 Қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Павлодарда жасөспірімнің басына мұз сүңгі құлады

Павлодарда 16 жастағы жасөспірімнің басына шатырдан жарты метрлік сүңгі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Оқиға Короленко көшесі, 355-үйдің жанында болған. Бала мектепке бара жатқан, сол кезде басына мұз кесегі түскен", – деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Жедел жәрдемге баланың жарақаты туралы хабар 13:25-те түскен.

"Бала 2003 жылы туған. Бассүйек-ми жарақатының жабық түрі, бас миының шайқалуы, төбе сүйегінің зақымдануы диагнозы қойылды. Қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Элмира Темірғалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары шұғыл түрде отырыс өткізген. Оған баланың анасы да қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу