Павлодарда жастардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Олар жүйелі түрде қомақты соманы қалтаға басқан. 

Павлодарда жастардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды Фото: ІІМ

Павлодарда жастардан, әсіресе колледж бен жоғары оқу орны студенттерінен ақша бопсалауды әдетке айналдырған тұтас топ құрықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл қылмыстық топтың құрамында жастармен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек те бар. Олардың барлығын ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарма өкілдері ұстады. Жергілікті "қылмыстық серкелер" жүйелі түрде жастардан ақша бопсалап жүргені анықталды. 

Жалпы өткен жылы еліміз бойынша мұндай сипаттағы 500-ден астам қылмыс тіркелді. Мұндай әрекетке барғандар көп жағдайда жастарды бопсалап, олардан ақша талап етіп отырған. Ал павлодарлық қылмыстық топқа қатысты қандай шешім шығарылатыны әзірше белгісіз.

Бүгінде тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу