Павлодарда жастарға "Ертіс дарыны" сыйақысы тағайындалды

1148

Аталмыш сыйақыны 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні тапсыру туралы шешім қабылданды.

Павлодарда жастарға "Ертіс дарыны" сыйақысы тағайындалды

Жастар бастамаларын дамыту орталығында қоғамның белсенді буынымен кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жиынға облыс әкімі Болат Бақауов, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өңір жастары қатысты.

"Республикада жыл сайынғы жастарға арналған "Дарын" үкіметтік сыйлығы бекітілген", - деп атап өтті Болат Бақауов. - Жастар жылы біздің облыста осындай сыйлықты қарастыруды және оған "Ертіс дарыны" атауын беріп, лауреаттар үшін кемінде 10 млн теңге жүлде қорын тағайындау туралы тұжырымдама әзірлеуді ұсынамын.

Аталмыш сыйақыны 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні тапсыру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Павлодарда "Болашақ" қауымдастығының филиалын ашу ұсынылды. Бүгінде прокуратура органдарында жұмыс істейтін халықаралық стипендия иегері Ержан Досымжанов өңірде осы бағдарлама бойынша оқыған 200-ден астам адам бар екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу