Павлодарда "Жасыл ел" еңбек жасағы іске кірісті

757

Биылғы маусымда жастар үш бағытта жұмыс істейді. 

Павлодарда "Жасыл ел" еңбек жасағы іске кірісті

Павлодар облысында "Жасыл ел" еңбек жасағының 18-маусымы салтанатты түрде ашылды. Осы жылы өңірдің 2 мыңнан астам жас тұрғыны қала мен ауылды көркейтуге атсалысады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жасыл ел" өңірлік штабының командирі Русана Самекованың айтуынша, биыл облыс бойынша барлығы 120 жастар жасағын құру жоспарда бар. Оның қатарына 16-29 жас аралығындағы 2 200 тұрғын қосылады.

"Жастар  экология, құрылыс және шығармашылық бағыттар бойынша жұмыс істейді. Мәселен, Павлодар қаласындағы 15 колледждің 457 студентінің бір бөлігі оқу ғимараттары мен студенттер үйлерін жөндеуге, әлеуметтік нысандарды салуға жұмылдырылады", – дейді Русана Самекова.

Аудандағы сарбаздар да қалыс қалмайды. Айталық, ақтоғайлық жастар балалар алаңдары, стадиондарды жөндеумен және қалпына келтірумен айналысады. Павлодар ауданының студенттері саябақтарды абаттандыруға араласады. 

"Жасыл ел" өкілдерінің бір бөлігі Марғұлан орталығымен бірге археологиялық қазба жұмыстарына да қатысады.

Айта кетейік, Павлодар облысының "Жасыл ел" штабы осы уақытқа дейін төрт рет республикада үздік штаб атанып, жастардың жұмысы жоғары бағаланған болатын.

Құндыз Қабылденова

Фото: Константин Шелков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу