Павлодарда жат ағымдар жөнінде жиын өтті

1349

Павлодарда жат ағымдар жөнінде жиын өтті

Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы бүкіл әлемде етек алып бара жатқан, қоғамның санасын улап, жарға соққан жат ағымдардың алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы, Mazhab.kz діни-танымдық порталының бас редакторы Амантай Тойшыбай мәлім етті.

"Аталмыш мекеменің ғимаратында өткен бұл кездесуде дін атын жамылған теріс ағымдардың сипаты, зияндары мен зардаптары оның дәстүрлі дінімізге жаққан қара күйесі, қазақ даласында орын алып отырған осы топтардың саны мен белгілері талқыланды", - деді Амантай Тойшыбай.

Сондай-ақ, бас қосуға қатысушылар көкейкесті сауалдарын қойып, өкіл имамнан мардымды жауаптарын алды.
Жолдас Қоспақұлының айтуынша, Павлодар облысы бойынша бүкіл мешіттер теріс ағымда жүрген адамдармен жұмыс істеп, райынан қайтқандардың тізімін әр айдың ортасында беріп отырады. Шамамен Қазақстандағы барлық мешіттерде дін өкілдері айына 1-2 адаммен жұмыс істеп, райынан қайтарып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу