Павлодарда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қайтыс болды

Үш адам құтқарылды. 

Павлодарда топырақ опырылып, 2 жұмысшы қайтыс болды Фото: ТЖД

Бүгін облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінің аумағында су құбырларын тарту барысында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бүгін "112" пультіне Солтүстік өндірістік аймақ аумағында су құбырын жөндеу барысында топырақтың опырылып түскені туралы хабар түсті. Оның тереңдігі - шамамен 6 метр. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметі дер кезінде жетіп, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмысқа кірісті. 

Олар жеткенге дейін кәсіпорын жұмысшылары бір адамның шығуына көмектесті. Ал құтқарушылар топырақ үйіндісінің астынан тағы екі адамды алып шықты. Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмысшыларға көмек көрсетіп, кейін жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. 

Өкінішке қарай, топырақ астында қалған тағы екі адам қайтыс болды. Құтқарушылар олардың денесін жоғарыға шығарды. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу