Жаңа қызметкерлерді іріктеу мақсатында павлодарлық жергілікті полиция қызметі Жастар бастамаларын дамыту орталығында бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы орталықтағы жастарды жұмыспен қамту секрвисінің инспекторы Алия Қалиева хабарлады.
Жәрмеңке 18 қаңтар күні сағат 11.00-де Ломов к-сі, 38 бойынша орналасқан ЖБДО-да өтеді.
Жәрмеңкеге орта және жоғары білімді, 25 жасқа дейінгі Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарының азаматтары және биылғы жылдың түлектері қатыса алады. Үміткерлердің бойы 170 см-ден кем болмауы керек.
Аталмыш шараға облыстық ІІД-нің және жергілікті полиция қызметінің кадрлық қызметінің өкілдері қатысады. Іс-шараның аяқталуы бойынша кадрлық резерв құрылатын болады.
Бос орындар жәрмеңкесі келесі лауазымдар бойынша өтеді: учаскелік полиция инспекторы, кәмілетке толмағандар бойынша учаскелік полиция инспекеторы, аумақтық, аудандық, қалалық органдардың учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, жол-патрульдік полициясының полициясы және т.б.