Павлодарда 7 оқушы күйіп қалды: Полиция қылмыстық іс қозғады

133

Павлодардағы №37 орта мектебінде болған жазатайым оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.  

Павлодарда 7 оқушы күйіп қалды: Полиция қылмыстық іс қозғады Фото: inform.kz

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарының әрекеттері Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралады. Бұдан бөлек, тергеу барысында оқу орны әкімшілігінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, – деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал облыстық білім беру басқармасы мектеп педагогы пен мектеп әкімшілігіне қатысты шешім тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қабылданатынын хабарлады.

– Мектепке тыйым салынған заттарды алып кіру дерегі бойынша заңды өкілдерге қатысты тексеру жұмыстары атқарылып жатыр. Зардап шеккендер дер кезінде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Павлодарда дене шынықтыру сабағы кезінде 7 оқушы күйіп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу