Павлодарда жетім қызды топтасып зорлағандарға сот үкімі шықты

391

16 жастағы қыз 10 қабаттан секіріп кеткен.

Павлодарда жетім қызды топтасып зорлағандарға сот үкімі шықты Фото: Устинка

Айыпталушы тарапта үш адам болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылы жасөспірім қыз үш жігіттің қорлауынан кейін 10-қабаттан секіріп кеткен. Қыз ағаштарға құлап, аман қалды.

Айыпталушы тарапта үш адам болды, олардың бірі -19 жаста, Павлодар облысының ауданаралық соты оған 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім шығарды.

Сондай-ақ, сот жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 8 млн теңге төлеуге міндеттеді.

Аталған іс бойынша тағы екі айыпталушы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Айта кетейік, бастапқыда қызды топтасып зорлағаны хабарланған. Алайда кейін оны үш жігіттің бірі зорлағаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу