Павлодарда жоғалып кеткен 83 жастағы зейнеткер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сараптама өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталады. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бәлкім, оқыс жағдай болуы, ағаштан құлап кетуі немесе денсаулығы сыр беруі мүмкін. Нақты себебін білмейміз", – дейді Vita еріктілері.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодардағы қарияның жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу