Жол-техникалық инспекция қызметкерлері автокөлік жолдарының жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Тек қаңтар айында жалпы ұзындығы шамамен 3 045 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарында 140 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 203 жол ақауы анықталды. Жолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 24 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығарғаны және бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаға көлік басқаруға рұқсат бергені үшін 8 адам жазаланды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.
Тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығы кезінде қар жауып, боран соғып және көктайғақ болғанда кемшіліктер тіркелетінін айтады.