Жазатайым оқиға Жетекші ауылынан екі шақырым жерде, үлкен жолдың бойында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жедел жәрдем қызметіне Павлодар қаласы Жетекші ауылынан 2 шақырым жерде, Шарбақты ауданына баратын автожолда қызды көлік соғып кеткені туралы хабарлама түсті. Медициналық топ 9 минуттан кейін оқиға орнында болды. Өкінішке қарай, зардап шеккен адамды құтқару мүмкін болмады. 27 жастағы қыз өміріне сәйкес келмейтін жарақат алғандықтан сол жерде көз жұмған", - деп мәлімдеді Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасынан.
Бұған қоса Ақсуда көлік жүргізіп келе жатқан 33 жастағы әйел апатқа ұшырады. Жедел жәрдем қызметкерлері оның жүктіліктің 38-ші аптасында екенін анықтаған. Зардап шегуші қалалық ауруханаға жеткізілді.