Павлодарда жол жиегінде тұрған жолаушыны газель қағып кетті

230

Апат салдарынан бір адам көз жұмды.  

Павлодарда жол жиегінде тұрған жолаушыны газель қағып кетті Фото: Видеодан скриншот

Павлодар–Омбы тас жолында Газель автокөлігі жол шетінде тұрған жолаушыны қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты

– 26 тамыз күні Павлодар–Омбы автожолындағы Қызылтаң ауылының маңында Газель автокөлігінің жүргізушісі рулге ие бола алмай, автожолдың шетінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу