Павлодарда жолақы 200 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

399

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы екі есеге өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда жолақы 200 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін Фото: canva.com

"Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф - жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда қолма-қол ақшасыз төлем үшін – 100 (жүз) теңге, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда – 200 (екі жүз) теңге болып белгіленсін", - делінген құжатта.

Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу