Павлодарда жолаушы қоғамдық көліктің терезесін сындырды

554

Соның салдарынан жүргізуші жарақат алды. 

Павлодарда жолаушы қоғамдық көліктің терезесін сындырды

Облыс орталығындағы жолаушыларды тасымалдайтын шағын автобус жүргізушісі мен жолаушы сөзге келіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар қалалық полиция басқармасы кезекші бөліміне 13 маусым күні қоңырау түсіп, автобус жүргізушісіне көмек керегі туралы айтылған.

"61 жасар жүргізуші жолаушылардың бірі оған тіл тигізіп, соңғы аялдамада түскен кезде бір кірпішпен алдыңғы терезенің шынысын, екінші кірпішпен жүргізуші отыратын жақтың терезесін сындырғанын айтты", – дейді жергілікті полиция бастығы Арман Қаптаев.

29 жасар тұрғын бірден табылды. Белгілі болғандай, ол мұндай әрекетті мас күйінде жасаған. Енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу