18 мамыр облыс орталығындағы Назарбаев даңғылы - Казправда көшесі қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, бұл автобус жылу-электр орталығы қызметкерлерін тасымалдаумен айналысқан. Алдын ала дерек бойынша, көлік тізгіндеген жүргізушінің жүрегі ұстап қалған.
“Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай трамвай бағанасына соғылған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Жағдайдың себептері анықталуда”,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тиісті сараптамалар белгіленіп, жүргізіле бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу